Қызметтер

  • Барлық мүшелерге арналған ағымдағы тақырып бойынша презентация мен фуршеттен тұратын, айына бір өтетін кездесу

  • ​​​​Француз бейсенбісі: іскерлік танысу желісін кеңейтуге мүмкіндік беретін бейресми кеш

  • Жұмыс топтары: тар шеңберлі мамандарға бірлесіп жұмыс істеуге, мамандықтарының өзекті мәселелерін талқылауға және шешімдерді табуға мүмкіндік береді

  • Маңызды жаңалықтар туралы уақытылы ескертулер (визалар, салықтар туралы және апаттық ескертулер)

  • Қазақстандағы француз компаниялар мен қазақстандық әріптестер бойынша дерекқор ФҚСӨП барлық мүшелеріне қол жетімді

  • Мүшелерге Палата Хатшылығы әрдайым қол ұшын беруге дайын.  Байланысу үшін: тел. +7 727 354 14 86, e-mail: direction@ccifk.kz (Алматы қ.), e-mail astana@ccifk.kz ( Астана қ.)

  • ФҚСӨП-мен шарттық негізде жұмыс істейтін және жеңілдікті тарифтік қызмет көрсететін сыртқы сарапшылар мен мамандар тобы


ФҚСӨП–ның қызметі үш негізгі бағытты қамтиды:

  • Ассоциативті бағыт: ұйымдастыру және экономикалық мәселелер бойынша презентациялар ұсыну, қызметтің әртүрлі тақырыптарға немесе секторлар бойынша жұмыс топтарының талқылау жүргізуі, франко-қазақ бизнес байланыстарын  экономикалық, мәдени және қайырымдылық негізінде іс-шаралар ұйымдастыру

  • Қоғамдық байланыстар: Франция мен Қазақстандағы мемлекеттік және оның көптеген институционалдық серіктестері мен жеке шешім қабылдайтын өкілдерге кеңес беру және орындау (жұмыс берушілер, дипломаттар, мемлекеттік, парламент мүшелер және аймақтық өкілдер)

  • Компанияларға қолдау көрсету: оқыту, ортақ мүддеге негізделген экономикалық ақпараттарды тарату, Қазақстандағы Францияның дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ Қазақстанның Бизнес Франс және Экономикалық сервиспен бірлесе отырып жасаған  инвестициялары

Share this page Share on FacebookShare on TwitterShare on Linkedin