ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қайта құрылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республиканың мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы;

2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып өзгертіліп, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіруге жауапты;

2) мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағына беруді;

2) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның тиісті штат санын беруді;

3) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын беруді;

4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 26 желтоқсан
№ 806

 

kazpravda.kz/kz/news/kogam/kr-investitsiyalar-zhane-damu-ministrligi-kaita-kurildi

Documentation

Download 156883-image.jpg  (JPG • 40 KB)

Ұқсас жаңалықтар

No news available.

Қосымша жаңалықтар

Share this page Share on FacebookShare on TwitterShare on Linkedin