Б. Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Палата президенті, «КАТКО» ЖШС бас директоры Жерар Фриес бастаған «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында инвестициялар, ауыл шаруашылығы, энергетика және цифрландыру салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, Қазақстан–Франция қарым-қатынасын одан әрі кеңейтуге қатысты бірлескен жұмыстардың жоспары қаралды.