Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлық мәтінінде.